USD
USD
USD

Шымкентте гүлдің ақшасын төлемей аты шыққан экс-полицейдің басы тағы да дауға қалды

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі дәмханалардың бірінде әйелдің телефонын тартып алып, қайтарудан бас тартқан ер адамның видеосы тарады, деп хабарлады Отырар.

Шымкент
Фото: Коллаж

Алматы, NEGE. Видеодағы диалогтан ол ер адамның былтыр Шымкентте дүкеннен гүл алып, ақысын төлемей кеткен экс-полицей екенін аңғаруға болады.

Қалалық полиция департаменті осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

“Аталған дерек бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түспеді. Оқиғаның мән-жайын білу үшін қазіргі кезде видеодағы азаматтардың кім екенін анықтап жатырмыз”, – деп мәлімдеді полиция.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 8 мамырында ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен.

Тұран АПБ-ның 102 арнасына қоңырау түскен. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында учаскелік инспекторларға ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.

Ал видео кейіпкері 19 мамырда өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж