USD
USD
USD

Шымкентте бюджеттің өз кірістерін арттыру мәселелері талқыланды

Мемлекет Басшысының өңірлердің өз кірісін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгін Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінде қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың, мемлекеттік органдар мен тиісті құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен арнайы кеңес өтті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент, NEGE. Жиында жергілікті бюджеттің табыс базасын кеңейту және қосымша кіріс көздерін анықтау мәселелері талқыланды.

Қала әкімі тұрақты әрі теңгерімді кіріс базасын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Себебі, дәл осы қаражат есебінен қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызды жобалары жүзеге асырылады. Соңғы екі жылда бұл бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіліп, оң динамика байқалуда.

Атап айтқанда, қалалық бюджет көлемі 239 млрд теңгеге артып, 895 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 496 млрд теңге — өз кірістері. Бюджеттің дербестік деңгейі 46%-дан 56%-ға дейін өсті. Бұл республикалық трансферттерге тәуелділіктің төмендеп, қаланың қаржылық тұрақтылығының артқанын көрсетеді.

Кеңес барысында 2026–2027 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары талқыланды. Құжатта жоспарланған түсімдерді қамтамасыз ету, салықтық әкімшілендіруді күшейту, қосымша кіріс көздерін айқындау және бюджет процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру шаралары қамтылған.

Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты тұлғаларға кірістердің толық түсуін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыруды және кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін нақты қызмет жүргізу орны бойынша Шымкент қаласында салық төлеуші ретінде қайта тіркеу қажеттілігі түсіндірілетін болады.

Өз кіріс базасының кеңеюі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды көбірек іске асыруға, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп