Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты
Шымкентте бес қабатты үйдің пәтерінен екі баланың – төрт жастағы ұл бала мен он бес жастағы қыздың мәйіті табылды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.
Астана, NEGE. Оқиға 19 қазанда қаладағы Восток шағынауданында болған.
Облыстық полиция департаменті абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Алдын ала мәліметке сәйкес, балалардың өліміне иіс газымен улану себеп болған», – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.