USD
USD
USD

Шымкентте бір подъездегі пәтерлерден төрт адамның мәйіті табылды

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде адамдардың жаппай қаза болуына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жедел жәрдем
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Тосын оқиға Студенттер қалашығы шағын ауданында болған. Көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың мәйіті табылған. Екінші қабаттағы тағы бір пәтерден 23 жастағы жігіттің, ал үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерден студент қыздың жансыз денесі анықталған. Тұрғындардың айтуынша, 20 жастағы қыздың мәйітін пәтер иесі жуынатын бөлмеден тапқан.

«Алдымен қызды тапты. Пәтердің иесі келіп, ваннаның есігі ішінен құлыптаулы тұрғанын көреді. Ашса, қыз жуынып жатқан кезінде қайтыс болып кеткен екен. Содан кейін учаскелік полиция қызметкерін шақырды. Тұрғындарды далаға шығара бастады. Құтқарушылар келіп, басқа пәтерлердің есіктерін ашып, тағы мәйіттерді тапты», – дейді тұрғындардың КТК арнасының тілшісіне.

Тұрғындардың айтуынша, бұған дейін олар газ иісіне шағымданған. Полиция департаменті адам өліміне әкелген қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов