Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкентте басқарма бастығы сейсмикалық қауіпсіздікке бөлінген 120 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Антикор Шымкент
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сейсмикалық қауіпсіздік, табиғи және техногендік сипаттағы басқа да төтенше жағдайлар саласында тексерулер жүргізіп жатыр. Осындай тексерулердің нәтижелерімен Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Лауазымды тұлға қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу арқылы жымқырды деген күдікке ілінді. Шығынның алдын ала сомасы 120 млн теңге. Қатарлас қаржылық тергеу барысында шенеуніктің анасына ресімделген Түркістан облысының Қазығұрт ауылында монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастыру туралы нұсқасы тексеріледі. Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының ПД УҰИ-да қамалды», - делінген хабарламада. 

Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында әйелді өз пәтерінде пышақтап кеткен: күдікті ретінде көршісі ұсталды

Пышақ жарақаты

Ауыр жүк таситын транзиттік көліктерге Астанаға кіруге тыйым салынды

транзиттік жүк көлігі

Алматы полициясы Канье Уэсттің концертіне билетке қатысты маңызды ескерту жасады

концерт

Қазақстанда смартфон сату ережелері өзгерді: тұтынушы нені білуі керек?

верификация