USD
USD
USD

Шымкентте әйел алты жасар жиенін ваннадағы суға батырып өлтірген

Шымкентте алты жасар жиенін өлтіргені үшін айыпталған әйел 20 жылға бас бостандығынан айырылды. 

қызды өлтірді
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Соттың мәліметінше, ол қызды ваннадағы суға батырып өлтірген. «Тергеу материалдары бойынша, 2023 жылдың маусым айында айыпталушы Қ. жалға алынған пәтерде болған. Ол жиені, 2018 жылы туған Е. есімді қыз баланың оянып, жылағанына ашуланып, оның қолы мен аяғын байлап, сабаған. Содан кейін баланың есінен танғанын көріп, ваннаны толтырып, оны суға батырып жіберген. Осылайша, ол қасақана кісі өлтірді деп танылды», –  деп жазылған сот хабарламасында.

Сотта Қ-ның кінәсі дәлелденді. Прокурор айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлімі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Жәбірленуші тараптың заңды өкілі кешірім беріп, Қ-ға қатаң жаза тағайындамауды өтінгенімен, айыпталушы өз кінәсін мойындамады және жеңіл жаза беруді сұрады», – делінген хабарламада.

Сот Қ-ны кінәлі деп тауып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Аталған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

Қылмыстық іс

Ақтауда ерлі-зайыпты интим қызмет көрсететін адамды бопсалап, 3 млн теңге талап еткен

әйел

Журналист Александра Алехованың жазасы жеңілдетіліп, кәсіби қызметімен айналысуға рұқсат берілді

Александра Алехова

Ұсталған Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев туралы не белгілі?

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев