USD
USD
USD

Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған әйел үйлі болды

Наурыз қарсаңында Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина Ғафароваға пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды zakon.kz.

пт
Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Жаңа жыл қарсаңында "Тілектер шыршасы" дәстүрлі акциясында София Үркімбаева Президенттің атына хат жазған болатын. Жалдамалы пәтерде әкесімен бірге тұратын кішкентай қыздың тілегі орындалып, үш бөлмелі пәтерге ие болды.

Сонымен қатар Ғабит Әбдімәжитұлы төрт бөлмелі пәтердің кілтін Марина Ғафароваға табыстады.

Естеріңізге салайық, былтыр 16 желтоқсанына қараған түні тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан болатын. Қызыл жалынды байқаған әйел отқа оранған үйдің терезесін сындырып кәмелетке толмаған балаларды сыртқа шығарды.

Осыған дейін қала әкімі көпбалалы ананың ерлігіне алғысын білдіріп, төрт бөлмелі пәтердің кілтін табыстауға уәде берген болатын.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі