USD
USD
USD

Шымкентте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі оқушыларды сабаққа арнайы киім алып келмегені үшін ұрған

Шымкентте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі оқушыларды сабаққа арнайы киім алып келмегені үшін ұрған, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Мектеп партасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мұны ұстазынан бірнеше рет таяқ жеген шәкірттердің бірі телефонға түсіріп алған.

Ата-аналардың айтуынша, мұғалім бұған дейін де, ұл балаларды бірнеше рет оңашада ұрған көрінеді.

«Осындай жағдай қайталанып жатыр деп директорға айтқан болатынмын. Қалай хабарыңыз жоқ деп. Сол кезде ескерту беремін, қайталанбайды деген еді. Міне, ескертудің нәтижесі осындай болып тұр», – дейді ата-ана Рита Аралбайқызы.

Пән мұғалімінің бұған дейін де, еңбек заңдылығына байланысты сөгіс алғаны белгілі болды. Осы оқиғаға байланысты мектеп директорына сөгіс жарияланды. Ал мұғалімді бұдан да қатал жаза күтіп тұр.

«Оқушылардың барлығы осында жиналып отыр. Ата-аналар келеді. Бәрін жинақтап, құжаттандырып, қолымызда факт бәрі бар. Ата-аналардың арызы бойынша жұмыстан шығаруға әрекет жасаймыз», деді мектеп директоры Ербол Жолтаев.

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай