USD
USD
USD

Шымкентте алғаш рет стенд атудан әлем кубогі кезеңі өтеді

Спорттық атудан Азия конфедерациясы (ACS) спорттық нысандардың техникалық дайындығы мен жабдықталу барысын тексеу барысында Қазақстандағы екі ату нысанын халықаралық талаптарға толық сай деп таныды, деп хабарлайды Olympic.kz.

стенд ату
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Атап айтар болсақ, Халықаралық ату спорты федерациясы Шымкенттегі Shooting Plaza және Алматыдағы Александр Асанов атындағы атқыштар клубының әлемдік талаптарға 100 пайыз сай келетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Спорттық атудан Азия Конфедерациясының президенті Сальман Сабах әл-Сәлем әл-Хомуд әл-Сабах Шымкенттегі ату кешені 2026 жылы стенд атудан лицензиялық әлем кубогін қабылдауға дайын екенін жеткізді. Одан бөлек, аталған кешенде 2025 жылғы Азия біріншілігі ұйымдастырылады.

Мұндай ірі көлемдегі спорттық жарыс Шымкентте алғаш рет өткелі тұр. 2025 жылғы Азия біріншілігіне 2500 –ге жуық спортшы мен ресми тұлғалар келеді деп күтілуде.

2024 жылдың қыркүйегінде әлем кубогі кезеңі Алматыда өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов