USD
USD
USD

Шымкентте адам өліміне себеп болған жүргізуші 2,5 жылға сотталды

Шымкент қалалық ауданаралық қылмыстық сотта жол-көлік апатына кінәлі деп танылған жүргізушіге үкім шығарылды. Сот оны ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ү
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға Қасым хан көшесінде болған. Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы жүргізуші куәлігі жоқ күйінде Toyota Camry көлігін тізгіндеген. Көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, жәбірленушінің автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан сотталушының жолаушысы ауруханада көз жұмды, тағы екі адам түрлі жарақаттар алды.

Сот отырысы барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, болған оқиғаға өкініш білдірді. Алайда жәбірленуші тарап кешірім беруден бас тартып, қатаң жаза тағайындауды талап етті. Мемлекеттік айыптаушы да нақты бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, ауырлататын мән-жайлардың болмағанын назарға алды, – делінген сот хабарламасында.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі