USD
USD
USD

Шымкентте Абай күні рухани-мәдени мерекеге айналды

Шымкент қаласында Ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өтті.

Абай күні
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент, NEGE. Мереке Абай саябағында ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Абайдың 180 жылдығы
Шымкент қаласы әкімдігі

Мерекелік рәсімде бүлдіршіндер Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Қатысушылар 2009 жылы ашылған «Хакім Абай» музейін аралап, ақын шығармашылығымен, аудармаларымен және заманының тұрмыс-салтымен танысты.

Абай күні
Шымкент қаласы әкімдігі

Іс-шара Көрме орталығындағы «Ұлы Даланың Ұлы Абайы» көрмесін тамашалаумен жалғасты. Мұнда ұлы ақынның өмірі мен мұрасына қатысты құнды экспонаттар қойылған.

Рухани-мәдени мереке республикалық «Абай әлемі» байқауымен қорытындыланып, қаладағы мәдениет мекемелерінде концерттер мен әдеби кештер өтті.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген

жолдағы жылдамдық

Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген

алаяқтық

Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады

ор

ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген

ҰБТ