Шымкентте 80 адамды сарышаян шағып алған
Қазақстанның оңтүстігінде сарышаян қаптады. Улы жәндік осы уақытқа дейін 80 адамды шағып алған.
Астана, NEGE. Науқастардың жартысы қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды «Информбюро» тілшісі.
Дәрігерлердің айтуынша, улы жәндік тұрғындар жаңа қоныстанып жатқан аумақтарда көбейген.
Аяқ киімнің ішінде, кереуеттің астында, перденің арты мен ылғалды жерлерде болатын сарышаяндарды адамдар көбіне байқамай қалатын көрінеді. Сондай-ақ дәрігерлер жасыл шөпке отырар кезде де абай болуға кеңес береді.
«Көбіне сарышаян адамдар ұйықтап жатқан кезде шағады. Далада, жерде жатпау керек. Себебі ылғалды жерде жәндіктің түр-түрі болуы мүмкін. Сол үшін кемінде 10-15 сантиметр биіктікте, көрпеше төсеп жату керек, жерге жата салуға болмайды», – дейді Шымкент қаласы гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермаханбетова.
Сарышаян шаққан кездегі клиникалық белгілер:
1. Шаққан жер қатты ауырып, қызарады және тырыса бастайды;
2. Уланғанда бас айналу, бастың ауруы, құсу, ентігу, әлсіздік, адинамия(қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендеуі), жүректің жиі соғуы байқалады;
3. Ауыр жағдайда, яғни у жүйке жүйесіне әсер еткенде, көз бұлыңғырланып, аяқ қол тартылады. Тіпті кейде жүрек соғысы әлсіреуі де мүмкін.
Сарышаян шағып алған жағдайда тез арада медициналық көмекке жүгіну керек. Өйткені жәндік шаққан соң тыныс алу қиындайтындықтан, науқасты аман алып қалу да оңай болмайды.
Қазір оқып жатыр
Тоқаев президент, Құрылтай, Халық кеңесі туралы конституциялық заңдарға қол қойды
Ақобалықтардың көптен күткен қуанышы: AMANAT қолдауымен білім ордасына жаңа ғимарат салынды
Тағы бір құнды актив мемлекетке қайтарылды. Бұған Мұхамедиұлының қандай қатысы бар?
Алматы мен Жетісу облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді