USD
USD
USD

Шымкентте 8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

Шымкентте жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 41 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді полиция қызметкерлері Тұран ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады.

Қазіргі уақытта ер адам соттың шешімімен республика аумағынан аластатылып, бес жылға дейін Қазақстанға кірмеуге шешім шығарылды.

2024 жылдың 14-18 қазан аралығында «Заңсыз келуші – 2024» жедел профилактикалық іс шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзған 556 шетелдік пен Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар Шымкент қаласы ПД-ның қабылдап-тарату орнына жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 135 адам орналастырылды.

ҚР-ға келу ережелерін бұзған 408 шетелдік азамат анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.