Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкентте 8-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

Шымкенттегі мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағында сегізінші сынып оқушысы жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.

Жедел-жәрдем
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2024 жылдың 11 қаңтарында жалпы білім беретін орта мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағы кезінде 8-сынып оқушысы есінен танып қалған. 

Мектеп медбикесі спорт залға тез жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Шақыруға келген дәрігерлер бригадасы екінші арнайы жедел жәрдем шақырған. Алайда ол келгенге дейін бала жүрегі тоқтап, қайтыс болды.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр.

Отбасында 1 қыз және 2 ұл болғаны белгілі. Қайтыс болған бала - үйіндегі ортаншысы.

Қазір оқып жатыр

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы