USD
USD
USD

Шымкентте 7 жасар баланың өлімінен кейін аудан әкімі қызметінен босатылды

Шымкентте кәріз суына құлап, қаза тапқан 6 жасар бала оқиғасынан кейін аудан әкімі қызметінен босатылды.

Шымкент
Фото: Otyrar.kz

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға биыл 12 сәуірде Қаратау ауданындағы Тұран ықшам ауданында болған. №10 үй маңында беті жаңбыр суына толы кәрізге түсіп кетіп, көз жұмды. Ал бұл кәріз құдығының бір жыл бойына ашық жатқаны белгілі болды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің мәліметінше, мәселе қазіргі қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қызметіне кіріспей тұрып болған. Осылайша бір жыл бойы беті ашық жатқан шұңқырды енді бір айда қалпына келтірмек.

«Үш жылдан бері Қаратау ауданын басқарып келген Рақымберді Мүлкемановты қызметтен босаттық. Басқарма басшысына қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ осы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Қуаныш Асыловқа да сөгіс жарияланды», – дейді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі