USD
USD
USD

Шымкентте 45 минут ыстық ұшақта отырған жолаушы FlyArystan-нан 200 мың теңге өндіріп алды

Шымкентте кондиционері жұмыс істемеген ұшақта 45 минут күтуге мәжбүр болған жолаушы FlyArystan әуе компаниясын сотқа беріп, жеңіп шықты.

FlyArystan
Фото: FlyArystan

Астана, NEGE. Оқиға биыл 9 шілдеде Шымкент – Алматы бағытындағы рейсте болған. Заңгер Абылай Байтеновтің айтуынша, жолаушылар ұшаққа шамамен сағат 17:00-де отырған. Алайда рейс кешігіп, олар кондиционері жұмыс істемеген ұшақ ішінде 45 минуттай күтуге мәжбүр болған.

Ол күні Шымкентте ауа температурасы 36,2 градусқа дейін көтерілген.

Байтеновтің сөзінше, ыстыққа шыдамаған жолаушылар қолдарындағы қағаздармен желпініп отырған.

Осы жағдайдан кейін Абылай Байтенов FlyArystan әуе компаниясын сотқа берген. Ол өз талабын дәлелдеу үшін ұшақ ішінде түсірілген бейнежазбалар мен сол күнгі ауа температурасы туралы мәліметтерді пайдаланған.

Заңгердің айтуынша, әуе компаниясы сот барысында ешқандай ереже бұзылмағанын мәлімдеген.

Алайда 28 қазанда Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты жолаушының талабын қанағаттандырды.

Сот шешімімен әуе компаниясынан:

  • Моральдық зиян үшін 200 мың теңге;
  • Сотта өкілдік ету шығындары үшін 500 мың теңге;
  • Мемлекеттік баж үшін 2 183 теңге;
  • Айыппұл ретінде 2 139 теңге өндірілетін болды.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur