USD
USD
USD

Шымкентте 4 жігіт «Гей Шымкент» тобына қосылған досын үтік басып азаптаған

Шымкентте 4 жігіт «Гей Шымкент» тобына қосылған досын үтік басып азаптаған.

Үтік басты
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. «Шымкентте бір топ жігіт досының «Гей Шымкент» тобының мүшесі екенін біліп, оны шақырып, аяусыз азаптаған. Олар пәтер жалдап, «досын» сол жерге шақырып, иығына ыстық үтікті басқан. Сондай-ақ қолын, аяғын орындықпен және басқа да заттармен ұрып-соғып, азаптаған. Қорқытып, «педофилия жасадым” деген сөзді айтқызып, видеоға түсіріп, 500 мың теңге бопсалаған», – делінген хабарламада.

Жәбірленуші қажетті соманы төлеуге уәде бергенімен, олардың азабынан босап шыққан соң полицияға хабарласқан.

«Нәтижесінде сот айыпталушының бұрынғы соттылығын ескере отырып, ең белсенді екі қатысушыны төрт жарым және үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Қалған екі сыбайлас үш жыл мерзімге пробациялық бақылауға алынды», – делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов