USD
USD
USD

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

Шымкентте көршілер арасындағы жанжал соңы адам өлімімен аяқталды. Қайғылы жағдай 9 қыркүйек күні болған. 

ұрлық
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Otyrar арнасы көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған бейнежазбаны жариялады. Кадрлардан жеке тұрғын үйдің алдында екі ер адамның жанжалдасып тұрғанын, артынша бірі екіншісіне балалардың көзінше жұдырық ала жүгіргенін байқауға болады. Соққыдан көршісі жерге құлап қалғанына қарамастан, әлгі жігіт оны ұрып-соғуын тоқтатпаған. Артынша күдікті көршісінің үйіне кіріп, керек затын алып, өз үйіне бет алады.

Ауыр дене жарақаттарын алған 65 жастағы ер адам есін жимаған. Жақындары жедел жәрдем шақырғанымен, оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері оның қайтыс болып кеткенін анықтаған.

Марқұмның артында бес баласы қалды.

Қалалық полиция қызметі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

«Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды», – деп хабарлады полицейлер.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент