USD
USD
USD

Шымкентте 20 жастағы жігіт жоғалып кетті

Бәйдібек Ақмырзаұлынан 10 күннен бері хабар-ошар жоқ. Кейінгі рет Шымкент қаласында әуежайдан досын шығарып салып, қоғамдық көлікке отырған, деп хабарлады Ontustik tv телеарнасы.

Бәйдібек Ақмырзаұлы
Фото: Ontustik tv

Алматы, NEGE. Жас жігіт 2025 жылдың 14-қаңтарында Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкент қаласына жүргізуші куәлігін алуға келген. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайдан шығарып салған.

«15:22-де «Қатын көпір» аялдамасы мыңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен уатсап желісі арқылы ауылға қайтатынын айтып байланысқан. Одан кейін ұшты-күйлі жоқ», - дейді жақындары. 

Жоғалып кеткен азаматтың туыстары екі күннен кейін, яғни 16-қаңтарда Тұран аудандық полиция бөліміне арызданған. Шымкент қалалық полиция департаментіне мән-жайды айтып хабарластық, бүгінде қылмыстық іс қозғалыпты.

16 қаңтарда полицияға 2004 жылы туылған ер адамның хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Арыз тіркеліп, іздестіру жұмыстары басталды. Жоғалған азаматты анықтауға бағытталған іс-шараларға полиция департаментінің барлық күштері жұмылдырылды. Қазіргі таңда іздестіру шаралары жалғасуда.
Жігіттің денсаулығында ешқандай ақау жоқ, жат әдеттерден аулақ,- дейді Шымкент полиция департаментінің ресми өкілі Бағлан Исатаева.

Музыкалық колледжде білім алып, әскери борышын да бір жыл бұрын өтеп келген. Орта бойлы, арық денелі, қара торы жігітті көрген-білгендер болса, төмендегі байланыс номерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. 
102
8 707 507 38 69
8 777 882 67 86

Қазір оқып жатыр

Көрші елдерге бензин жөнелту ішкі нарықтағы бағаға қаншалықты әсер етеді?

бензин бағасы

Бектенов сұйытылған газ өндірісі бойынша жоспар әзірлеуге бір ай уақыт берді

сұйытылған газ

Қазақстанды газдандыру деңгейі 2035 жылға қарай 80%-ға дейін ұлғайтылмақ

газдандыру

ХАМАС Газа секторындағы үкіметін таратқанын мәлімдеді

Газа секторы