USD
USD
USD

Шымкентте 100 мың теңге пара алды деген күдікпен полиция полковнигі ұсталды

Шымкент қаласының көші-қон басқармасы тағы ел назарына ілікті. Желіде қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарған Жеңіс Әуелбековтің ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады.

Пара
Фото: t.me/kozachkow

Астана, NEGE. Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, полиция полковнигі делдал арқылы 100 мың теңге пара алу үстінде ұсталған. Бұл қаржыға Әуелбеков Қытай азаматтарына құжат рәсімдеуге көмектеспек болған. Операцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген.

Мұндай жағдай Шымкенттің көші-қон қызметінде осымен бірнеше рет қайталанып отыр. Бұған дейін де аталған басқарманың басшылары қылмыстық іске тартылған.

Небәрі бір ай бұрын осы басқарма бастығының орынбасары Нұрлан Сембаев алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, ол 2026 жылғы 1 сәуірде ұсталған. Сот Сембаевты қызметтік өкілеттігін пайдаланып алаяқтық жасау және пара беруге итермелеу баптары бойынша кінәлі деп таныды. Істі ішкі қауіпсіздік бөлімшелері мен ұлттық қауіпсіздік органдары бірлесіп тергеді.

Ал 2024 жылдың сәуір айында осы басқарманың бұрынғы басшысы Сұңғат Түгелбаев бірнеше рет пара алғаны үшін жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот материалдарына сәйкес, ол делдал арқылы шетел азаматтарынан тұрақты тұруға рұқсат рәсімдеу және Қазақстан азаматтығын алуға жәрдемдесу үшін ақша алып отырған. Бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, Түгелбаев полиция полковнигі атағынан айырылып, 7 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді және өмір бойына мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Ресейдегі конференцияда Қазақстанның Ұлы дала мен Алтын Ордаға қатысты тарихи ұстанымын айтты

.

ChatGPT Қазақстанға қосымша 1,8 миллиард теңге салық төледі

ChatGPT

Уақытылы игерілмеген 83 млрд теңге Ұлттық қорға қайтарылмаған – Әлихан Смайылов

Ақша

«Мәселе сапасыз жоспарлауда емес»: Жұманғарин бюджетке қатысты сынға жауап берді

бюджет