USD
USD
USD

Шымкентке жұмыс сапарымен келген шетелдік азаматтар коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ресейлік журналистердің денсаулығы нашарлап, 20 мамыр күні Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигинация жанынан ашылған инфекциялық стационарға жедел-жәрдем қызметімен жеткізілген.

Шымкентке жұмыс сапарымен келген шетелдік азаматтар коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Алексей Волажанин мен Анастасия Золотконы тексеру кезінде дәрігерлер коронавирус инфекциясын анықтап, екі жақты пневмония диагнозын қояды. Бұған қоса науқастарда ентігу болып, әрі тыныс алу қиындағандықтан, Бобров тыныс алу аппаратына қосылады.

Инфекциялық стационарда жатқан ерлі-зайыптылар бір аптадан аса ем қабылдап, денсаулығы жақсарды. Науқастардан қайтадан алынған ПТР тест қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен.

– Шығармашылық ұжыммен Ресейден Шымкентке арнайы түсірілім жүргізу үшін келдік. Өзге елде жүріп кенеттен қатты ауырып қалғанда, уайым күшейді. Бірақ ауруханаға түскенде қорқынышымыз бірден басылды. Қажет емді толық алдық. Қазір әйелім екеуміздің де жағдайымыз жақсы. Шымкенттік медицина мамандарына алғысымыз шексіз, – дейді Алексей Волажанин.

Ерлі зайыптылар бүгін ауруханадан шықты. Коронавирус инфекциясынан сауығып шыққан шетелдік азаматтар Шымкентте түсірілім жұмыстарын одан әрі жалғастырмақ.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек