USD
USD
USD

Шымкентке Ресейден дәрігерлер келді

Шымкент қаласына Ресейден бір топ дәрігер келді. Сапарларының мақсаты – коронавирустық инфекциямен күрес бойынша тәжірибе алмасу. 

Шымкентке Ресейден дәрігерлер келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Олар COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күресу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді. Дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиологтар бар. 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы топпен кездесіп, қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Сондай-ақ, бірлесе жұмыс жасауда табыс тіледі. 

«Бүгінгі таңда әлем бойынша дәрігерлер коронавирустық инфекцияны емдеудің жаңа әдістерін зерттеп, өзара тәжірибе алмасуда. Мемлекеттер арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында біліктілік арттырып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болып отыр. Осы орайда, Сіздерді Шымкент қаласында көріп отырғанымызға қуаныштымыз», - деді Мұрат Әйтенов.

Ресейден келген дәрігерлер 3-4 топқа бөлініп, белгілі бір ауруханаға бекітілетін болады.

 

Бүгінде Шымкент қаласында короновируспен күрес бойынша ем алу шараларын жүргізуге 3264 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда Қырғызстан студенттерін онлайн-казиноның ақша айналымына пайдаланған

Күдікті

«Байлығым, барым, әкімім»: Абай облысының әкімдігі Берік Уәлиді мадақтаған әнді өшіруді талап етті

Берік Уәли

«Аудитория әлі есеймеген»: Баян Алагөзова ашаршылық туралы фильмге қатысты пікір білдірді

Баян Алагөзова

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова