USD
USD
USD

Шымкентке арнайы іссапармен ҚР Денсаулық сақтау министрі келді

Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келді.

Шымкентке арнайы іссапармен ҚР Денсаулық сақтау министрі келді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Денсаулық сақтау министрі қаладағы халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының Call орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір ауысымда 30 диспетчер жұмыс істейді.

«Эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне байланысты қазір жедел жәрдем қызметіне күніне 5000-ға жуық қоңырау келіп түсуде» - дейді орталықтың бас дәрігері Г. Құрманбекова. Соған қарамастан жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген рижимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр.

Орталықтың жай-күймен танысқан министр А.Цой пандемиямен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі «Медикер» медициналық орталығының жұмысымен танысты. Орталықты аралап шыққан министр оңалту емін алып жатқан науқастардың жағдайын көріп шықты.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек