USD
USD
USD

Шымкентке әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы арнайы іссапармен келді

Мемлекет басшысы әйел мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында азаматтық қауымдастықтармен талқылау жүргізіп, барлық пікірлерді назарға алуды тапсырған болатын.

Шымкентке әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы арнайы іссапармен келді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Осыған орай бүгін Шымкентке арнайы іссапармен келген ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазанова қоғам өкілдерімен кездесті.

«Отбасы мектебі» отбасылық құндылықтарын нығайту» жобасы аясында өткен кездесуге қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті полиция қызметкерлері, дағдарыс орталықтары мен белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Онда алғаш болып сөз алған Ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанова отбасы құндылықтары тұрғысында сөз қозғады. Отбасындағы ата-ананың рөлі, қоғаммен байланыс, отбасы институтын нығайтуға бағытталған заң нормаларын жетілдіру мәселесін ортаға салды.

Сонымен қатар, жиынға қатысқан Республикалық Әкелер одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет, Street Law Kazakhstan бағдарламасының тренері, заңгер Медет Усеров, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айжан Мұқатаева, теледәрігер, эндокринолог, anti-age эксперт Гүлжан Аманбай саналы отбасы және әкенің бала тәрбиесіне араласуы, психологиялық мәселелер тақырыбында пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының жобасы талқыланып, ұсыныстар жинақталды.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.