USD
USD
USD

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

SCAT әуе компаниясының Алматыдан Шымкентке ұшқан ұшағы кері бұрылып, Тараз қаласының әуежайына қонған.

Ұшақ
Фото: scat.kz

Астана, NEGE. Желіде турбуленттілік аймағына тап болған ұшақ бортынан түсірілген видео тарады. Жазба авторының мәлімдеуінше, ұшақ қонуға таяғанда күн райы бұзылып, қатты турбуленттілік салдарынан әуе кемесі шамамен 15 минуттай шайқалып тұрған. Осыдан кейін экипаж бағытты өзгертіп, Тараз әуежайына қону туралы шешім қабылдаған.

Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ Шымкент әуежайына қонуға жақындаған кезде ауа райы күрт нашарлаған. Желдің екпіні секундына 24 метрге дейін күшейіп, найзағай ойнап, нөсер жауын басталған.

«Алматы – Шымкент рейсінің экипажы Тараздағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Ауа райы жақсарғаннан кейін ұшақ рейсті жалғастырды», – делінген хабарламада.

Әуе кемесі қосалқы әуежайда шамамен бір жарым сағаттай болған. Кейін ол Шымкент әуежайына штаттық режимде сәтті қонған.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұмау мен ЖРВИ жұқтырған 300-ден астам адам ауруханаға түсті

грип

Татьяна Ким Wildberries бас директоры қызметінен кетті

Вайлберрис

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

.

Суреттер үшін туған әпкесін өлтірді ме? Әзербайжанда 18 жастағы жігіт ұсталды

.