Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкент-Алматы рейсінде өзін жайсыз сезінген бала көз жұмды

  Шымкент-Алматы рейсі кезінде борттағы 9 жасар баланың жағдайы нашарлады, деп хабарлады Air Astana әуе компаниясы.

Шымкент-Алматы рейсінде өзін жайсыз сезінген бала көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бала анасымен бірге 9 шілде күні Шымкент – Алматы бағытындағы КС 972 рейсінің бортына отырды. Ұшақ көтерілген кезде өзін жайсыз сезінді. Экипаж оны оттегі баллонына қосты. Бала осылай 30 минут тыныс алды», – деді әуе компаниясында.

Ұшақ төмендеген кезде жолаушы есінен танып қалды. 

«Экипаж ұшақ төмен түскен кезде де, қонған кезде де жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Дефибриллятор да қолданылды. Әуежайда бала дәрігерлерге табысталды. Алайда, өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Аir Astana баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деді әуе компаниясында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

үгіт-насихат

Павлодар облысында алғаш боп дауыс берген сайлаушыларға сыйлықтар табысталды

Сайлау туралы заң

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын