USD
USD
USD

Шымкент зообағының ашылғанына 41 жыл толды

«Шымкент мемлекеттік зообағы» Шымкент облыстық атқару комитетінің қаулысымен, қазақтың біртуар ұлы Социалистік Еңбек Ері, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың жеке бастамасымен ашылған болатын.

Шымкент зообағының ашылғанына 41 жыл толды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Нысанды ескі карьердің орнына орналастыру жоспарланып, көпшіліктің жігерлі еңбегінің арқасында аз уақыт ішінде салынып, 1980 жылы 29 сәуір күні жұмысын бастады.

Құрылыс жұмыстарына 54 мекеме қатысқан. Алғашқы кезде коллекцияда 75 аңның түрі, 350 данасы болған. Зообақ ашылғаннан бастап жануарлар коллекциясы көбейе түсті. Қазіргі таңда зообақта жануарлардың 289 түрі, 2608 басы бар.

Зообақ жыл санап көркейіп келеді. 41 жыл ішінде халықтың игілігі үшін жұмыс істеп келе жатқан зообақ балалар мен келушілер үшін ең сүйікті демалыс орындарының бірі.
Зообақтағы жан-жануарлардың басы мен түрінің артуымен қатар, тазалығы, көгалдандырылуы және қайта құру жұмыстары да атқарылуда. Бұл – үлкен жұмыс.
Демалыс орнының осы жылдар ішінде қалай өзгергенін назарларыңызға ұсынамыз.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек