USD
USD
USD

Шымкент зообағындағы вольерлер қайта жаңғыртылуда

Шымкент қаласындағы зообақта аралас аймақта орналасқан көл, қасқырлар, аюлар және гиббон вольерлерінің құрылысы жартылай аяқталды.

Шымкент зообағындағы вольерлер қайта жаңғыртылуда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Көл аумағы мен қасқырлардың вольерлері толықтай пайдаланылуға берілді. Аюлар вольеріне ірі жыртқыш тұқымдасына жататын 2 бас арыстандар көшірілді.

Арыстандардың лақап аттары «Қайтпас» пен «Таймас». 2021 жылы «Шымкент-Цирк» арыстандарды зообақтың теңгеріміне берген болатын. Бүгінде арыстандар жағдайы, күтімі өте жақсы деуге болады. Сонымен қатар Аюлар, Гиббондар вольерлеріне ағымдағы жылдың соңына дейін маймылдар мен аюлар көшірілетін болады.

Мұнда жүргізілген құрылыстың жалпы аумағы:

1 Көл 12000 м2

2 Қасқырлар 2300 м2

3 Аюлар 2200 м2

4 Гиббондарға арналған ғимарат 300 м2 ді құрайды.

Айта кетсек 30,08 гектар аумақты алып жатқан жануарлар бағы еліміздегі үш зообақтың бірі. Кәсіпорынның 138 қызметкері хайуандардың күтімімен айналысады. Олар әрбір жануардың тазалығына, дезинфекциясына, тамақ режимдері, түрлі ауруларға қарсы екпе салдыруына, денсаулығына аса мән беріп жіті бақылап отырады.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.