USD
USD
USD

Шымкент: Жолбарыстың мүсіні орнатылды

Барыс жылының құрметіне орай Шымкенттегі зообақтың алдына жолбарыстың мүсіні орнатылды.

Шымкент: Жолбарыстың мүсіні орнатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Зообақ қызметкерлері мүсінді құрылыста қолданатын кәдуелгі сыммен құрастырған. Сыртын арнайы материалдармен қаптап, «белюр» матамен түсін келтірген. Содан түнде жарық беріп тұратын әшекейлерді жабыстырыпты. Жолбарыстың ұзындығы 5 метр, ал биіктігі 2,5 метрді құрайды. Мүсінді жасауға жалпы 120 келі сым кеткен.

«Туынды Зообақ директоры Нұрғазы Бұхарбаевтың бастамасымен жасалды. Жоба бойынша 6 қызметкер жұмыс істедік. Ерлер құрылымын құрастырсақ, қыз келіншектер матасын тікті. Қазір жолбарыс қалаға сән беріп тұр», - дейді Зообақ суретшісі Талғат Палымбетов.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев