USD
USD
USD

Шымкент жастары "Мен елімді сүйемін" акциясына қатысты

Шымкент жастары акцияға қатысты. 

Шымкент жастары "Мен елімді сүйемін" акциясына қатысты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шымкент қаласындағы "Тәуелсіздік" саябағында қала жастары "Мен елімді сүйемін" акциясын өткізді.

Республикалық челлендж аясындағы акцияға ЖОО студенттері, белсенді жастар қатысты.

Акция Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру, саяси шешімдерін қолдау, жастар арасында насихаттауды мақсат еткен. Жиналған жастар еліміздің жалаушаларын қала тұрғындарына, қонақтарына таратып, викториналық сұрақтар қойды. 

- Еліміздің жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы тиіс. Қазақстанның жарқын болашағы – біздің, қазақ жастарының қолында!, - деді орталық басшысы Мағжан Исахов.

Қалалық Жастар ресурстық орталығы Жолдауды жүзеге асыруда ЖОО студенттеріне арнайы кездесулер ұйымдастыруда. Қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, ғылым, білім саласында жетістікке жеткен азаматтар өз тәжірибелерімен бөлісуде.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити