USD
USD
USD

Шымкент тұрғыны такси жүргізушісінің смартфонын ұрлап, мобильді банкингтегі ақшасын құмар ойынға тіккен

Шымкент тұрғыны такси жүргізушісінің смартфонын ұрлап, мобильді банкингтегі ақшасын құмар ойынға тіккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент тұрғыны такси жүргізушісінің смартфонын ұрлап, мобильді банкингтегі ақшасын құмар ойынға тіккен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұрлық туралы хабарлама Тұран ауданының полициясына түсті. Белгілі болғандай, ер адам таксиді таңғы 5-те шақырған. Ескі танысы болып шыққан жүргізушімен ол жол бойы бұрынғы кездерді еске алып, әңгіме-дүкен құрып келеді. Жолаушыны белгіленген жеріне апарып тастаған таксист біраз уақыт өте телефонының жоқтығын байқап, полицияға шағымданған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктіні қала аумағында ұстады. Ол смартфондағы онлайн-банкингтен бар ақшаны алып, құмар ойынға жұмсағаны анықталды. Өзгенің 217 мың теңге қаражатын ұтылған азамат ары қарай дүкенге барып, сол банк қосымшасы арқылы бөліп-төлеуге тауар сатып алған. Кейін, құны 300 мың теңге тұратын гаджетті кездейсоқ сатып алушыға 20 мыңға сатып жіберген.

Полицейлер тергеп-тексеру барысында жайтқа қатысты барлық дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады.

Айыпталушы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қатысты 1,5 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза қолданылды.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала