USD
USD
USD

Шымкент тұрғыны мемлекеттен қайтарымсыз қаржы аламын деп ақшасынан айырылды

Шымкент тұрғыны мемлекеттен қайтарымсыз қаржы аламын деп ақшасынан айырылды, деп хабарлайды polisia.kz.

Шымкент тұрғыны мемлекеттен қайтарымсыз қаржы аламын деп ақшасынан айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 11 қазанда Абай АПБ-ның “102” арнасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз азамат мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз қаржы алып беремін деп сеніміне кіріп, 150 мың теңге ақшалай қаражатын алып, үш ай бойы алдап келгенін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-тің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында ұсталған азаматтың заңсыз әрекетке оңай жолмен ақша табу үшін барғаны белгілі болды.

Алған ақшаны өз пайдасына жұмсап жіберген. Қазіргі кезде күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков