USD
USD
USD

Шымкент тәртіп сақшылары тұрғынның көлігінен қару тәркіледі

Шымкент тәртіп сақшылары тұрғынның көлігінен қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент тәртіп сақшылары тұрғынның көлігінен қару тәркіледі
Фото: NEGE.kz

Шымкент. NEGE. 10 ақпанда сағат 02:00 шамасында ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің инспекторлары қызмет атқару барысында 24 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз-21014 автокөлігінің тоқтауын сұраған. Көліктің салонында екі жолаушы болған.

Автокөлікті қарау кезінде полиция қызметкерлері бір шолақ мылтық, пистолет пен пышақты тәркіледі.

Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар берді. Қаруды қайдан алғанын анықтау мақсатында азаматтарды Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізген. Тексеру амалдары жүргізілуде. Ал автокөлік айыптұраққа қойылды. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматқа қатысты құқықтық баға берілетін болады.
 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық