USD
USD
USD

Шымкент пен Түркістанды дамыту жобалары тексерілді

Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді.

Шымкент пен Түркістанды дамыту жобалары тексерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкентте Үкімет басшысына биылғы желтоқсанға дейін салу көзделген, өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысы туралы баяндалды. 

Премьер-Министр Түркістанда жаңа халықаралық әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының құрылыс қарқынымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан және биылғы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды деп көзделген.

А. Мамин Конгресс-холлдың, 7 мың орынға шақталған стадионның, Оқушылар сарайының, бассейні бар спорт кешенінің, аттракциондары бар қала саябағының, драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, «Ұлы дала елі» орталығының, Қ. А. Яссауи музейінің және Тұңғыш Президент саябағының құрылыс алаңдарында болып, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің ұлттық орталығының ғимаратын реконструкциялау барысын тексердіҮкімет басшысы әрқайсысы 120 бөлмеден тұратын «Rixos Turkestan» және «Hampton by Hilton» қонақ үйлерінің, сондай-ақ «Sembol construction» түрік компаниясы салып жатқан «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешенінің құрылысы барысымен танысты. Аталған барлық қонақ үй-туристік нысандарын осы жылы пайдалануға беру жоспарда бар. Премьер-Министрге «Әзірет Сұлтан» музей-қорығын абаттандыру жоспары таныстырылды.

Қазір оқып жатыр

«Грекияда 125 жылға сотталды»: Ақтөбелік ана СІМ-нен көмек сұрады

.

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіру көлемін арттырады

Мұнай экспорты

Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

.

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.