USD
USD
USD

Шымкент пен Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезінді

Бүгін түнде жер асты дүмпуін сезінген Шымкент тұрғындары көшеге шықты.  

Шымкент пен Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Желі қолданушыларының айтуынша, жер сілкінісі қатты сезілгені сонша пәтерлердегі аспа шамдар қозғалған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі мамандарының мәліметі бойынша, 21 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 22:47:30-да жер сілкінісі тіркелді.  

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 16,1.

MPV магнитудасы - 7,8.

Жер сілкінісінің ошағы 120 шақырым тереңдікте болған.

Қабылдау туралы ақпарат (МСК-64 шкаласы бойынша): Шымкент, Тараз 3 балл.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жер сілкінісі Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан және Пәкістанда да сезілген.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі