USD
USD
USD

Шымкент маңынан Қаңлы мемлекетіне тиесілі жәдігер табылды

Шымкент археологтары көне жазуы бар керамикалық кірпіш тапты. Онда бір ғана сөз емес, бүтіндей мәтін сақталған. Бұл туралы Хабар24 телеарнасы мәлімдеді.

Шымкент маңынан Қаңлы мемлекетіне тиесілі жәдігер табылды
Фото: NEGE.kz

Aлматы. NEGE. Көне жәдігер біздің заманымыздың бірінші ғасырына жатады. Яғни әлі кең көлемде зерттеле қоймаған Қаңлы мемлекетіне тиесілі. Тақтайша Күлтөбе қалашығынан табылды. Қазір ол жерде Қазақстан орталық музейінің экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Тарих ғылымдарының докторы Александр Подушкиннің айтуынша, кірпіштегі жазу оңнан солға қарай жазылған. Онда 7 жол және 218 таңба бар. Құнды мұра қазақ тарихының жылнамасына жаңалық енгізуі мүмкін. Жазу бұл өңірде өркениеттің болғанынан хабар береді. Қазір ғалымдар жазбаның құпиясын ашып, мағынасын табуға тырысуда.  

«Қатакөмбе қорымынан да көптеген  құнды археологиялық материал табылды. Онда 4 адамның жерленгені анықталып отыр. Және алқалардың жиынтығы, сырғалар және  қоладан жасалған бұйымдар керамика, тағы басқа заттар көмілгені белгілі болды», – дейді Александр Подушкин.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаңадан төселген тротуар опырылып түсті

Опырылған тротуар

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма құрамынан тағы бір топ-менеджер кетті

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы

Қазақстандық банктер Шахмұрат Мүтәліпке «Алтыналмасты» сатып алу үшін 1 млрд доллардан астам несие беруі мүмкін

Шахмұрат Мүтәліпов