USD
USD
USD

Шымкент лагерьлерінде балалардың құқықтары бұзылған

Шымкент қаласының прокуратурасы балалардың сауықтыру лагерлерінің қызметінде балалардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін заңсыздықтарды анықтады.

Шымкент лагерьлерінде балалардың құқықтары бұзылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, "Hawaii" лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және міндеттелген  санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеген,, ал 2023 жылы бұл лагерьге 478 баланы орналастырған.

Ең көбі 220 баладан аспайтын "Үш бұлақ" лагерінде 310 оқушы орналастырылған, тиісінше бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған.

Сонымен қатар, лагерьлердің көптеген қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істеген, медициналық қызметтерді біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификатынсыз қызмет көрсетуде.

Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ.

Тексеру іс-шаралары жалғасуда, нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты