USD
USD
USD

Шымкент: Кітап оқитын буккроссинг бұрышы ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылы аясында Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы кітапхананаың бастамасымен "Кітап оқитын Шымқала" атты буккроссинг шарасы өтті.

Шымкент: Кітап оқитын буккроссинг бұрышы ашылды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. Жиынға ақын С. Нұрман, Д. Танабаев, «Жас қаламгер» ақындар клубының мүшелері қатысты.
 — Қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып,  қазақ әдебиетінің інжу-маржандарын қолжетімді ету мақсатында буккроссинг бұрыштары ұйымдастырылуда.  Шілде айында қаладағы ауруханалар мен оңалту орталықтарында ашылған болатын.  Бүгін Қаратау ауданының аумағында С. Бәйтереков ескерткіші  мен №130 жалпы орта мектеп маңында ұйымдастырылып отыр.  Бұйыртса,  алдағы аптада қаланың басқа аудандарында да ұйымдастырмақпыз,- дейді Абай атындағы орталық кітапхананың меңгерушісі Нүрила Жұманова.

 Көшедегі кітап сөресі қала тұрғындарын әдебиет оқуға ғана баулымай,  адам бойындағы жауапкершілік,  адалдық,  тазалық сынды қасиеттерді де қалыптастыра түсері сөзсіз.  Себебі,  кітап сөресі еш бақылаусыз,  ашық алаңда орналасқан.  

Н. Жұманованың айтуынша,  кез-келген қала тұрғыны сөредегі қызықтырған әдебиетті оқуға алып, қайта орнына әкелсе болды.Сондай-ақ,  үйіндегі оқылған әдебиеттерін буккроссинг бұрышына сыйға да қалдыра алады.
 Шара қонақтары кітапханашылардың кәсіби мерекесімен құттықтап,  буккроссинг бұрыштарының оқырманы көбейсін деген тілек білдірді. Жиын цирк өнерпаздары мен мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев