USD
USD
USD

Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшы құрамына қатысты бірқатар қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасында жазды.

Басқарма басшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қамқорлық көрсеткені үшін бөлім бастықтарынан 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген.

Оның орынбасары мен бөлім бастығы адамдар тобымен алдын ала сөз байлау арқылы кәсіпкерден 5 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталып отыр. Кәсіпкер параны жер учаскесін мемлекет пайдасына алу кезінде бюджеттен ақшаны кедергісіз төлеу үшін берген.

«Сот күдікті тұлғаларға қатысты бұлтартпау шараларын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әр адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі сот үкімі заңды күшіне енбейінше кінәсіз деп есептеледі», - деп жазды Дәурен Ерғарин.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе