USD
USD
USD

«Шымкент қаласының күндері» ресми түрде ашылды

Бүгін «EXPO Dubai – 2020» Халықаралық көрмесінде «Шымкент қаласының күндері» ресми түрде ашылды. 3 күн қатарынан Шымкентті таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара аясында қаланың мәдениеті, өнері, рухани құндылықтары мен инвестициялық және туристік мүмкіндіктері көрсетілмек.

«Шымкент қаласының күндері» ресми түрде ашылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Іс-шараның ашылу салтанатында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шаhардың мүмкіндіктерін таныстырып, EXPO-дағы Шымкент қаласы күндерін ресми түрде ашып берді.

Шымкент қаласында туризмнің дамуында көптеген маңызды факторлар бар. Қаланың республикалық маңызы бар статусқа ие болуы – іскер өкілдердің қызығушылығын тудырып, бизнестің кеңеюі мен туристер санының ұлғаюына ықпал етіп, қаланың инвестициялық тартымдылығының артуына серпіліс беруде. Бүгінгі іс-шара барлық қатысушылар үшін танымды әрі табысты болады деп сенемін, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Сондай-ақ, іс-шараға қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, Қазақстанның БАӘ-дағы елшісі Мадияр Меңілбеков және Шымкент қаласы мәслихатының бірқатар депутаттары, бизнес қоғамдастықтарының бір топ делегациясы қатысып, келушілерге қаланың тартымдылығы мен өмірі жайлы таныстырылым жасады.

Жиында еліміздің танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы ән шырқап, дәстүрлі өнерімізден шашу шашылды. Келушілер алдағы уақытта Қазақстан қалаларына саяхат жасауға ниеттеніп, қызығушылықтарын танытты.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.