USD
USD
USD

Шымкент қаласы Республикалық мектеп лигасынан 2 орынды иеленді

Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық Ұлттық Мектеп Лигасының жалпы қорытындысы бойынша Шымкент қаласы жүлделі 2-орынды жеңіп алды.

Шымкент қаласы Республикалық мектеп лигасынан 2 орынды иеленді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Спорттың 10 түрінен өткен сайыстан оқушылар 10 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иемденді. 4 кезеңнен тұрған жарыстың ақтық мәресіне 360 шымкенттік оқушы қатысқан.

Жарыстың мақсаты - мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, спортпен шұғылданушыларды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау,бұхаралық спортты дамыту, спорт түрлері бойынша үздік мектеп командаларын анықтау.

Еске сала өтсек, Шымкент қаласында мектеп оқушылары арасында спорттың 10 түрінен (баскетбол, волейбол, гандбол, футзал, футбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, үстел теннисі, президенттік сынама) жас ерекшеліктері бойынша «Ұлттық Мектеп Лигасының» қалалық кезеңі ақпан-сәуір айларында өткізілген болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт