USD
USD
USD

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа бастықты мегаполис активіне ІІМ басшысы Марат Ахметжанов таныстырды. Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды. Соңғы лауазымы - Ақмола облысы ПД бастығы.

Бұрын Шымкент полициясын басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ротация тәртібімен енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған ҚАЖД бастығының міндетін атқаратын болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты