USD
USD
USD

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 50 көшеге QR коды бар тақтайшалар орнатылды

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 50 көшеге QR-коды бар тақтайшаларды ілу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақжайық, Наурыз, Сәуле, Отырар, Көркем (Забадам), Химфарм, Самал-2, Түркістан (Бам)шағынаудандары мен аудан орталығында орналасқан көшелерге ілінуде.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 50 көшеге QR коды бар тақтайшалар орнатылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Аталған жұмыстар ағымдағы жылы өткізілетін «ҚР халқының ұлттық санағын» тиімді әрі жоспарлы түрде өткізуге мүмкіндік береді. Себебі тақтайшадағы QR-кодты тұрғындар ақпараттық көмек құралы ретінде пайдалана алады. Бұл бірегей қосымша орнатылған нысан жайында кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді.

Жалпы Цифрлы Қазақстан жобасын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйге және 75 көшеге QR код және индексі жазылған жаңа үлгідегі тақтайшалар орнатылды.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам