Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкент денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Бақытжан Жолдасбекұлы Позилов тағайындалды.

Шымкент денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бақытжан Жолдасбекұлы 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша дәрігер-травматолог.

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінің аға мейіргері болып бастаған. Кейін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқытушы, Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының жедел жәрдем дәрігері, «Дәрігер Орынбаев» медициналық орталығында бөлім меңгерушісі, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, бас дәрігері болып еңбек еткен. 2018 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін «Медикер ЮК» медициналық орталығының бас директоры қызметін атқарып келген.

 

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның қазасы: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия Президентіне жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

жер сілкінісі

Жас ғалымдарға арналған баспана мен мүмкіндіктер: Семейде «Әділет» партиясының бастамалары талқыланды

«Әділет» партиясы

«Құрылтайға жол» жеке бастамасы ортақ іске айналуда

Меңдібай Әлімғазинов