USD
USD
USD

Шымкент базарларында санитарлық талаптардың сақталуы тексерілуде

Шымкент қаласында індетті жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты халық көп шоғырланатын базарлар мен қоғамдық көліктерге тексеру жұмыстары күшейтілді. Бүгінгі таңда карантин режиміне байланысты барлық санитарлық талаптардың орындалуы маңызды.

Шымкент базарларында санитарлық талаптардың сақталуы тексерілуде
Фото: NEGE.kz

Шымкент,  NEGE.  Атап өткенде, маска кию, санитайзерлердің болуы мен арақашықтықты сақтау сынды нормалардың орындалып жатқандығы қатаң бақылауға алынды.

Бетпердесіз жүрген тұрғындар тек өзіне емес, өзгенің денсаулығына да қауіп төндіреді. Осы себепті қоғамдық көлік пен базарларда бетперде тағу міндеттелген.

Мониторинг жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қоғамдық автобустарда терезелер үнемі ашық, ал кондукторлар мен жолаушылар міндетті түрде бетпердемен отыруы керектігін түсіндірді. Сонымен қатар базарларда арақашықтық қатаң сақталып, дезинфекциялық құралдар- тепловизер, санитайзер, дезинфекциялық кілемше көзге көрінетін жерлерге қойылуы керектігін назарға алды.

Одан өзге, Әл-Фараби ауданы аумағында түнгі рейд жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Ауданға қарасты барлық қоғамдық тамақтанатын орындар, тойханалар және компьютер клубтары қатаң бақылауда. Аудан әкімдігінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірге кезекті рейд барысында карантин талаптарын бұзған бірқатар нысандарды анықтады. Санитарлық нормаларды сақтамаған 5 кәсіпкерлік нысанға айыпұұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам