USD
USD
USD

Шымкент: «Ашық бухгалтерия» жобасы қолға алынды

Шымкент қаласының білім саласында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қағазбастылықтан арылу мақсатында 32 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі 100 пайыз автоматтандырылған.

Шымкент: «Ашық бухгалтерия» жобасы қолға алынды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, білім беру ошақтары толығымен сенім байланыс орталықтарымен және «OPEN ЅРАСЕ» кабинеттерімен қамтамасыз етілді. Мектеп директорларының кабинеттері сыныптарға беріліп, кабинеттері бірінші қабатқа көшірілді. Нәтижесінде арыз-шағым 75 пайызға, қағазбастылық 100 пайызға төмендеген.

Одан бөлек, бюджеттің ашықтығын қалыптастыру мақсатында «Ашық бухгалтерия» жүйесіне көшу үшін пилоттық жоба ретінде басқармаға қарасты 7 мекемеде (3 мектеп, 4 балабақша) жұмыстар басталды. Аталған нақты қалдықтарды талдау арқылы шығындарды тиімді жоспарлауға, бюджет қаражатын тиімді бөлуге, ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға, шоғырландырылған есептіліктен бастапқы құжатқа дейін ашық есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Шаһар басшысы пилоттық жобаны барлық білім беру ұйымдарында қолға алуды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.