USD
USD
USD

Шымкент әкімінің орынбасары поляк кәсіпкерлерін инвестиция салуға шақырды

Варшавада Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтуде. Аталған жиында шымкенттік делегаттарды бастап барған қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев көпшілікке баяндамасын ұсынды.

Шымкент әкімінің орынбасары поляк кәсіпкерлерін инвестиция салуға шақырды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шымкенттің жоғары әлеуетін таныстыра келе польшалық кәсіпкерлерді қалаға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Форумды Қазақстан Елшілігі мен Kazakh Invest ұлттық компаниясы Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар министрлігінің, сондай-ақ Польшаның Инвестициялар және сауда агенттігінің қолдауымен Польшаның бизнес Кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, тамақ, химия, тау-кен металлургия және фармацевтика өнеркәсібі салаларының өкілдері болып табылатын қазақстандық және поляк компаниялары қатысуда.

Форумның мақсаты Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің іскерлік серіктестері арасындағы қолданыстағы байланыстарды нығайту және жаңаларын жолға қою, инвестициялық жобаларды таныстыру.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек