2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Шымкент әкімі жемқорлық әрекетін барынша азайтуды тапсырды

Қарамағындағы қызметкерлері пара алса, оған басшысы да жауап береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаменті мен қала әкімдігі бірлесіп өткізген онлайн-брифингте осы мәселе қаралып, тиісті заң талаптары талқыланды.

Шымкент әкімі жемқорлық әрекетін барынша азайтуды тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен қоластындағы қызметкері жемқорлыққа жол берген жағдайда бірінші басшыға қандай шара қолданылады? Мемлекеттік орган басшыларына жауапкершілік күшейді. Енді олар қарамағындағы қызметкерлердің адалдығына да жауап береді. Агенттіктің Шымкент қалалық департаментінде өткен онлайн-конференцияда осыған қатысты заң нормалары қаралды. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен мемлекеттік орган басшылары қатысты.

ҚР СЖҚІҚА қалалық департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев: "Бұл қылмыстардың басым бөлігі парақорлық және жымқыру фактілері болып табылады. Басым қылмыстар бұл құқық қорғау органдарында, денсаулық сақтау саласында және кәсіпкерлік саласында орын алып отыр" деді.
  Жиында қала әкімі Мұрат Әйтенов жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуды тапсырды. Мемлекеттік қызметтердің барлығын электронды жүйеге көшіруді міндеттеді. Білім басқармасы мен мектеп директорлары және мұғалім арасындағы қатынасты азайтуды және оларды жұмысқа қабылдау кезіндегі тікелей байланыстарды шектеуді ұсынды. Департамент басшылығы қоластындағы қызметкер пара алған жағдайда басшысына қандай шара қолданылатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті