USD
USD
USD

Шымкент әкімі Оңтүстік айналма жолының құрылысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылысымен танысты.

Шымкент әкімі Оңтүстік айналма жолының құрылысымен танысты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аралау барысында әкім жұмыстың сапасына назар аударды. Сонымен бірге, мердігер мекемеге жұмыста қолданылатын құрылыс материалдары, қазақстандық өнім болуы қажет екенін ескертті.

Құрылысы салынып жатқан екі жолақты жолдың ұзындығы 16 шақырым болса, көшенің ені 15 метрді құрайды. Жол құрылысы Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты алады.

2021-2022 жылдарға жоспарланған жол-құрылысына жауапты мердігер мекеме «Корпорация Береке-А» ЖШС. Қазіргі таңда аталған нысанның Шымкент-Ташкент жолына қиылысатын бөлігінде жол өткелі, яғни көпір құрылысы салынуда.

Жалпы 16 шақырымның 3 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары қолға алынған. Қазір көпір өткелі құрылысы, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек