USD
USD
USD

Шымкент әкімі мектеп құрылысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 жалпы орта мектептің қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылыс алаңына барды.

Шымкент әкімі мектеп құрылысымен танысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрылыстың сапасына баса назар аударған қала басшысы мектеп құрылысын бір жылдан кейін күрделі жөндеу жүргізуге тура келмейтіндей етіп салуды және онда балалар өздерін қауіпсіз және жайлы сезінуі тиіс екенін атап өтті.

Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылы басталған. Жер телімінің жалпы ауданы – 4,88 га. Жоба құны – 934 734,8 мың теңге. Жауапты мердігер мекеме – «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС. Жеке серіктестік өкілі нысан құрысылын биыл, яғни, 2021 жылы шілде айында аяқтауды жоспарлап отыр. Қазір оқу орнында ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары 80 пайызға, ішкі инженерлік желілерді тарту жұмыстары 90 пайызға және аумақты абаттандыру жұмыстары 50 пайызға орындалған.

Аталған мектептің 926 орынға арналған ғимаратында даярлық тобын қоса алғанда 2116 бала білім алуда. 300 орындық қосымша құрылыс пайдалануға тапсырылса мәселе толығымен шешіледі.

Қазір оқып жатыр

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа кокс батареялары мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet